Төртжылдықтың басты додасының сегізінші жарыс күнінде отандық атлеттер спорттың бес түрінен өнер көрсетеді.
Астана уақыты бойынша БҮГІН түнгі сағат 01:00-де мың метр қашықтықта шорт-трекші Ольга Тихонова жарыс жолына шықҚАН ЕДІ.Өзінің іріктеу кезеңінде ол төртінші орын алып, ширек финалға өте алмады. Ал күндіз Астана уақыты бойынша сағат екіде де тау шаңғы спорты бойынша жарыстар өтеді - алып слаломда Александра Скороходова сынға түседі. Одан кейін жанкүйерлер фристайл-могулдың параллельді могул түрінен бәсекені тамашалай алады. 14.30-да Павел Колмаков жүлде байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды. Үш он бесте биатлоннан ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық жарысы басталады. Қазақстан құрамасының мүшелері Владислав Киреев пен Асет Дүйсенов жарыс жолына шығады. Ал күннің қорытынды бәсекесі - конькимен жүгіру спортынан 500 метр қашықтықта Кристина Силаева мен Арина Ильященко өнер көрсетеді.
14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова.
14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.
15:15 — биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.
21:03 — конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко.
Тегтер #Қазақстан #қысқы Олимпиада ойындары #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz