RU
Толық нұсқаға өту

Шахматтан ел чемпионаты басталды

17.02.2026, 18:00 320

Жезқазғанда жастар арасында шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр. Бір апта болатын додаға әр өңірден іріктелген 90-ға жуық спортшы қатысуда.

Олар блиц, рапид және классикалық шахматтан сынға түседі. Үздік шыққандар мен жүлдегерлер халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Дастан Капаев, Шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы:

- Ойындар өте тартысты. Барлықтарыңыз білесіздер қазір Қазақстанда шахмат мықты деңгейде өсіп келе жатыр. Мұнда бірінші орын алған балалар ҚР финалына және әлем чемпионатына, Азия чемпионатына жолдама алайын деп отыр. Және бірінші, екінші, үшінші орын алған балалар ҚР құрамасына енеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz