RU
Толық нұсқаға өту

Абзал Әжіғалиев ширек финалдан аса алмады

19.02.2026, 10:05 451

Қысқы Олимпиада ойындары шорт-трекшілер үшін сәтсіз аяқталды. Денис Никиша жалпы есепте 7-ші орын алса, Абзал Әжіғалиев ширек финалдан аса алмады. 

«Жанкүйерлерден кешірім сұраймын». Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігінен кейін осындай мәлімдеме жасады. Қатарынан 4-ші Олимпиадасына қатысқан ол жарысты ширек финалдан аяқтады. Отандасымыз 500 метрлік дистанцияда өз тобында 5-ші болып келді. Өкінішке қарай жартылай финалға тек 1-ші және 2-ші орын алғандар жолдама алды.  

Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:

- Мені 3 спортшы артымнан қуалап, мені озғысы келді. Өзімнің 2-ші позициямды қорғағым келді. Әттең-ай, бір тактикам шықпай қалды. Пенальтиге үміт арттым. Өйткені оның жылдамдығы менен артық болды. Сол кезде ол мені итеретіндей момент ұстап қалу керек болды. Камерада құлағандай қылып жасағым келді. Бірақ ол сол қарай жатып, мені алдап кетті.     

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиевтің олимпиада ойындарындағы ең үздік көрсеткіші 2022 жылы Бейжіңде тіркелді. Ол кезде 4-ші орын алса, 2014 жылы Сочи олимпиадасында үздік бестіктен көрінді. Ал 2018 жылы Пхенчхандағы ойындарда 6-орын алды. Осы орайда отандасымыз жыл сайын өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысын айтты.

Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:

- Осы жолы қолдау өте ерекше болды. Жеке өмірде, әлеуметтік желілерде қолдау өте сезілді. Қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Кешірім сұраймын. Қолымнан келгенін жасадым. Әттең медаль ала алмадым. Бала кезімнен бергі арманым еді.         

 Денис Никиша 7-орын алды

Ал шорт-тректен тағы бір отандасымыз, ұлттық құрама капитаны Денис Никиша қысқы олимпиада ойындарын 7-ші орынмен аяқтады. Ол ширек финалда мәре сызығын 3-ші болып кесіп, уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге өтті. Алайда жартылай финалда төртінші орын алып, жарыс фавориттеріне есе жіберді. Кейін В финалында өнер көрсетіп, 6-шы және 10-шы орындар үшін таласты. Сәйкесінше бұл бәсекеде 2-ші орын алып, жалпы есепте үздік 7 спортшының қатарынан көрінді.   

Бокстан Халықаралық турнир өтті

Бас қалада студенттер арасында бокстан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Оған елдің барлық өңірінен және Өзбекстан мен Монғолиядан 100-ден астам былғары қолғап шебері келген болатын. Жарыстың мақсаты - жастар арасындағы боксты насихаттап, спортты дамыту. "Сондай-ақ Отан қорғаған қаһарман тұлғалардың ерлігін ұлықтау, патриоттық тәрбиені нығайту", - дейді ұйымдастырушылар. 

Мұхаммед Әли, жарыс жүлдегері:

- Абай облысын 4 спортшы келдік. Төртеуімізде жүлделі болдық. Қарсыластар осал емес. Жарыс жақсы деңгейде өтті.

   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz