RU
Толық нұсқаға өту

Ақ Олимпиада аяқталуға жақын

22.02.2026, 13:30 247

Миландағы 25-ші қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Бүгін - соңғы күн. Хоккей, бобслей, шаңғы жарысы, кёрлинг және фристайлдан 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Шеберлігін көрсететін командалар қатарында отандастарымыз да бар. Әйелдер арасындағы масс-стартта ел намысын шаңғышылар Надежда Степашкина мен Анна Мельник қорғайды. Жарыс Астана уақытымен 14:00-де басталады. Айта кеткен жөн, жалпы командалық есепте Норвегия көш басында. Одан кейін тізімді АҚШ пен Нидерланды жалғайды. Қазақстан 19-шы орында. Олимпиадаға 95 елдің спортшылары қатысып жатыр. Қысқы ойындардың жабылу салтанаты «Арена-ди-Верона стадионында» өтеді. Тікелей трансляция Астана уақытымен 23:45-те басталады. Керемет шоу «Хабар» телеарнасының эфирінен де көрсетіледі.

Шаңғы жарысы, масс старт

Надежда Степашкина, Анна Мельник

Басталу уақыты - 14:00

XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты

Басталу уақыты - 23:45

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz