RU
Толық нұсқаға өту

М. Шайдоров гала-концертте өнер көрсетті

22.02.2026, 13:45 270

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Италиядағы қысқы ойындар аясында өткен гала-концертте өнер көрсетті.

Фигурист сахналық қойылымда әйгілі «Кунг-фу Панда»-ның бейнесін сомдап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Көрсетілімнен соң қазақстандық спортшыға атақты қытайлық киноактер Джеки Чан құшақ жая ілтипат білдіріп, екеуі қол алысты. Айта кетейік, әдетте мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық бағдарлама дәл осы Экзибишн гала-концертімен қорытындыланады. Дәстүрлі шоуда мәнерлеп сырғанау шеберлері сан түрлі костюмдер киіп, төртжылдықтың басты қысқы додасын тамашалауға жер-жаһаннан жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz