RU
Толық нұсқаға өту

Ақ Олимпиада аяқталды  

23.02.2026, 10:00 294

Сонымен төрт жылдықтың басты додасы 25-ші Қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. 

Әлемдік доданың жабылу салтанаты Италияның Верона қаласында өтті. Шараның бұл шаһарда өтуі тегін емес. Тарихқа көз жүгіртсек, ежелгі Олимпиада ойындары сонау Рим империясы кезінде дәл осы мекенде өткізілген. Дәл осы себепті тарихи орын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына енді. Екі мың жылдық тарихы бар Амфитеатрда өткен мерекелік шараны 300 мыңдай адам тамашалады. Сөйтіп Ақ Олимпиаданың жалауы Францияға табыстылды. Енді  араға 4 жыл салып әлем спортшылары тағы Еуропалық Альпі баурайында бақ сынайтын болады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz