RU
Толық нұсқаға өту

Жас хоккейшілер халықаралық жарыста жеңіске жетті

23.02.2026, 21:30 338

Astana Team балалар хоккей командасы Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчта, оқ бой озық шығып, айқын басымдықпен келесі кезеңге өтті. Айталық, қазақстандық құрама «Торпедо», «Астана», «Юность» клубтарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ «Тай-герс» пен «Академия Михайлова» клубтарынан, бір-бір ойыншыларынан құралды. Айта кетейік, өткен жылы команда, осы сайыста күміс жүлдегер болған еді.

Владимир Захаров, бас бапкер:                       

- Он екі мың жанкүйер жиналған трибунада ойнау өте әсерлі болды. Барлығы канадалықтарға қолдап келген. Бірақ биыл бәрі сәтті өтіп, бірінші орынды иелендік. Ұйымдастыру жақсы болды, бәрі өте керемет өтті. Таңертеңнен бері құттықтаулар легі келіп жатыр,  сол себепті жеңістің қуанышы еселене түсті.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz