Жиырмаға жуық жас боксшы Болгарияға аттанды. Кәрі Құрлықта дәстүрлі халықаралық турнир басталды.
Жуырда ғана ұлттық құраманың тізгінін ұстаған бас бапкер Нұржан Насанов осы жарыста жігіттердің қарым-қабілетін қарап, мықтыларын алдағы маңызды жарыстарға апаруды көздеп отыр.
Нұржан Насанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Болгария төрінде ерлер құрамасы сапынан 19 боксшымыз жүлдеге таласып жатыр. Олардың дені жастар. Егер өздерін жақсы қырынан көрсете алса, Азия чемпионатына бара алады деп ойлаймын. Барлығының ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндігі бар.
Нұржан Насанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Дәл қазіргі сәтте біздің алдымыздағы жоспарымыз – наурыз айында өтетін Азия чемпионаты. Испания және Болгариядағы жарыс сол бәсекеге дайындық және іріктеу кезеңі ретінде есептеледі. «Странджа» турнирінде жастарға мүмкіндік беріп, тәжірибе алу үшін келдік. Осы жарыстан соң, Түркістан облысында шешуші оқу-жаттығу өткізіп, нақты құрамды бекітеміз.
Тегтер #спорт #боксшы #БолгарияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz