RU
Толық нұсқаға өту

Астанада дәстүрлі Taldau Run іс-шарасы өтті

28.02.2026, 18:00 44

Елордада Taldau Run спорттық іс-шарасы өтті. Жүгіруден дәстүрлі басқосуға биыл 400-ден астам адам қатысты.

Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар. Бұл жолғы шара алдағы маңызды оқиға - референдум қарсаңында ұйымдастырылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тарихи мәнге науқанның маңызына тоқталды. Мұндай шаралардың бел ортасынан табылу азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі, - деді Сенат төрағасы. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осы орайда басты нәрсеге назар аударуымыз керек. Яғни түпкілікті сөзді халық айтады. Сондықтан әркім өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын айқындайтын референдумға қатысу ерекше мәнге ие. Бүгін осылай белсенді, сыни ойлай алатын, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын ортада жаңа Конституция туралы айтуымыздың символикалық мағынасы терең деп есептеймін. Сіздердің әрқайсыңыз айналаңызды жасампаздыққа шақырып, үлгі көрсетіп келесіздер. Мұны алдағы жаңаруларға ықпал ететін ынталандырудың озық үлгісі деп қабылдаймыз.

Ақнұр Тұрдалиева, «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының жетекшісі:

- Мен үшін жаңа Конституцияның қабылдануы жай ғана құқықтық мәселе емес. Бұл біздің қоғамдағы маңызды құндылықтарды насихаттау болып табылады. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы ретінде мен үшін волонтерліктің Конституцияда көрсетілуі қатты қуантты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz