Конькимен жүгіруден әлем чемпиондары елге оралды. Оларды Астана әуежайына жиналған жанкүйерлер ерекше ыстық ықыласпен күтіп алды.
Спортшыларымыз Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 6 алтын, 1 күміс еншілеп, жоғары деңгейде өнер көрсеткен еді. Мәселен, Кристина Шумекованың бір өзі 500, 1000, 1500 және кіші көпсайыста бірінші орын алды. Одан бөлек 3 мың метрлік дистанцияда күміс еншіледі. Ал ерлерден Вадим Чебардаков масс-старт сайысында алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ бұрымдыларымыз командалық спринтте де топ жарып, алтын медаль олжалаған еді.
Кристина Шумекова, абсолютті әлем чемпионы:
- Әлем чемпионаты алдында медаль алатыныма сенімді болдым. Алайда 500 метр қашықтықта жүлде аламын деп ойламадым. Себебі бұған дейінгі әлем кубоктарында бұл қашықтықта жүлдеге іліге алмаған едім. Тек осы біріншілікте ғана чемпиондық бұйырды. Керемет әсер алдым. Тұғырда тұрып, Қазақстанның көк туы көтеріліп, Әнұран шырқалған сәттегі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл – баға жетпес, ұмытылмас әсер.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конькишілер #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz