RU
Толық нұсқаға өту

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды

05.03.2026, 09:21 54

Жәнібек чемпиондық атағын сақтап қалды. Бүкіләлемдік бокс ұйымы жаңартылған рейтинг жариялады.

 Оған сәйкес, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем үздігі болып қала береді. Яғни допинг дауынан кейін ұйым оны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетті. Бірақ, чемпиондық белбеуден айырмау туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек Жәнібек IBF тұжырымы бойынша да әлем чемпионы саналады. Бірақ оған жауапты ұйым, яғни Халықаралық бокс федерациясы әзірге өз шешімін жарияламады. Айта кетейік, жерлесіміздің былтыр қарашада тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний перпараты анықталған болатын. Артынша VADA ұйымы боксшыға ресми түрде хат жолдап, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Ларамен кездесуі өтпей қалды.

Стенд атудан әлем кубогін қабылдаймыз

Әлем үздіктері Алматыға жиналады. Нақтырақ айтқанда, Алматы іргесіндегі Александр Асанов атындағы спорттық алаңда стенд атудан әлем кубогы өтеді. Байрақты бәсеке 2-11 мамыр аралығында болады деп жоспарланып отыр. Айтулы жарысқа 70 елден 500-ден аса қатысушы жиналады. Олар стенд атудың скит және трап бағыттарында өзара мықтыны анықтайды. Жарыс бағдарламасы бойынша, жекелей және аралас сындар өтеді. Бас-аяғы 8 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әлемдік аламанда еліміздің ең үздік сұрмергендері өнер көрсететені белгілі. Бірақ, ұлттық құраманың нақты тізімі әзірге жарияланбады. Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттердің есімі жарыс жақындағанда шығады. Жалпы қазақстандық тараптың осындай деңгейдегі жарыстар өткізуде үлкен тәжірибесі бар. Бұл, біріншіден, ел иммджіне оң ықпал етеді. Екіншіден, спортшылардың, әсіресе жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін толыстыруға керемет мүмкіндік дейді мамандар.  

Дзюдодан әлемдік гран-приге дайындық

20 дзюдошымыз Австрияға аттанды. Кәрі Құрлықтың Линц қаласында жапон жекпе-жегі бойынша әлемдік гран-при өтеді. Байрақты бәсеке ертең басталады және үш күнге созылады. Ел намысын қорғайтындар тізімін Әбиба Әбужақынова бастап тұр. Бұған қоса, әйелдер арасында Диана Буркеева, Дана Әбдірова, Ақерке Рамазанова, Эсмигүл Куюловалар, ал, ерлер арасында Шерзод Давлатов, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархандар татамиге шығады. Жоғарыда айттым, бас-аяғы 20 дзюдошымыз бақ сынайды.  Ал жалпы қатысушылардың саны 500-ден асады. Яғни 62 елдің үздіктері жиналмақ. Бұл жарыста қазақ қыз-жігіттері жүлдеге ілігеді деп сенеміз. Өйткені бұған дейінгі гранд-слэм жарыстарында жолы болмай жүрді. Енді осы олқылықың орнын толтырып, сәйкесінше рейтингтік ұпайлар алатын кееремет мүмкіндік туып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz