RU
Толық нұсқаға өту

Боччадан республикалық турнир мәресіне жетті

06.03.2026, 20:30 60

Астанада боччадан республикалық турнир мәресіне жетті.

Биылғы дода спорт майталманы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Инклюзивті спорт орталығында өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Мәулен Әшімбаев параспортшыларға ілтипат білдіріп, Президент тапсырмасымен инклюзивті қоғам құру бағытында қолға алынған бастамаларға тоқталды. Паралимпиадалық боччаның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровтың ерен еңбегін үлгі етті. Биылғы турнир бағдарламасына жеке жарыстармен қатар командалық және жұптық бәсекелер енгізілді. Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынға Астана қаласының құрамасы жайғасты. Екінші орынды Павлодарлық спортшылар еншілесе, үшінші орын алматылық қыз-жігіттерге бұйырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz