RU
Толық нұсқаға өту

Көкпардан әлем чемпионаты өтеді

11.03.2026, 10:00 167

Ербол Хамитов Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз шаңғы жарысында классикалық спринтте үздік үштіктен көрінді. Ол 1,5 шақырымдық қашықтықты 2 мин 29 секундта бағындырып, қола медальға қол созды. Бұл сайыста қытайлық спортшы топ жарса, екінші орынға Бразилия өкілі жайғасты. Әзірге Қазақстан құрамасы жалғыз қола медальмен жалпы есепте 23-орында тұр. Көш басына Қытай, Австрия, АҚШ спортшылары жайғасқан. 

Ербол Хамитов, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Мемлекет басшысы осыдан 2 ай бұрын маған көк туды табыстаған болатын. Сол кезде үлкен жауапкершілікті сезіндім. Барша қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Әнұранымызды шырқата алмадым. Бізге барынша қолдау білдіріп, жанкүйер болған қазақстандықтарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта да сол сенімдеріңізді ақтауға дайынмын.

Жәнібек чемпиондық белбеуінен айырылды

Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды. Ұйым ережесіне сәйкес чемпион өз титулын 9 ай ішінде қорғауға міндетті. Алайда IBF бұған дейін WBO ұжымы қабылдаған шешімге сәйкес оны жыл соңына дейін жарыстардан шеттетті. Осыған байланысты титулды қорғай алмағандықтан, чемпиондық белбеу иесіз қалып отыр. Қазір отандасымыздың еншісінде тек WBO-дің титулы қалды. Енді ұйым ережесі бойынша, ол рингке оралған бойда уақытша чемпионмен жекпе-жекке шығуға міндетті. Айта кетейік, жерлесіміздің былтыр қарашада тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Артынша WADA ұйымы боксшыға ресми түрде хат жолдап, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы кездесу өтпей қалды.

Наурыздың 15-21 аралығы елдің рухани астанасы Түркістан қаласында жаһан көкпаршылары жиналып, халықаралық додада бақ сынасады. Тоғыз жылдан кейін жалғасын табатын сайысқа 10-ға жуық ұлттық команда қатыспақшы. Туризм және спорт министрлігі, Дүниежүзілік көкпар қауымдастығы және еліміздің «Көкпар» федерациясы бастамашы болған әлемдік жарыстың жалпы жүлде қоры 30 млн теңге. 

ЦИТАТА

Данияр Қобыландин, дүниежүзілік көкпар қауымдастығының президенті

- Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы әлем чемпионатының жоғары деңгейде өтуіне мүдделі. Себебі қазіргі уақытта көкпар спортына қызығушылық танытқан елдер саны артып келеді. Соңғы жылдары көкпардың ережесі қайта қаралып, барынша қауіпсіз әрі тартымды бола түсті. Соны негізге алған кейбір мемлекеттер бізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр. Осы атқарылып жатқан іске Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан «Көкпар» федерациясы ерекше қолдау көрсетіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz