Италиядан сүйінші хабар жетті. Жерлесіміз Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Бүгін отандасымыз биатлоннан 4,5 шақырым із қуу сайысында бақ сынап, межені 9 минут 39 секундта бағындырды. Сөйтіп жарыс жеңімпазы атанды. Ал күміс жүлде украиналық Тарас Радқа бұйырды, қола медальді қытайлық Лю Мэнтао қанжығасына байлады. Айта кетейік бұл Ерболдың биылғы төртжылдықтағы 2-ші жүлдесі. Осыған дейін ол пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринте қола медаль еншілеген болатын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Паралимпиада #Италия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz