RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда көкпардан жартылай финалға шыққандар анықталды

20.03.2026, 12:05 66

Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты аясындағы командалық жарыстар аяқталды. Ерлер арасында Алматы қаласының спортшылары топ жарса, Қарағанды облысы екінші орын алды.

Ал үздік үштікті Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының теннисшілері түйіндеді.

Көкпардан Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алғандар белгілі болды. Топтық кезең ойындары аяқталып, 4 команда ақтық кезеңге бір табан жақындады. 

А тобынан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары шықса, В тобынан қарсыластарына бірде-бір салым салдырмаған. Ауғанстан және Ресей командалары шықты. А тобындағы ойындар тартысты өтті. Себебі тәжірибелі құрамалар жиналған. Қазақ көкпаршылары 3 ойында 27 салым салып, бірінші орынмен шықты.

Енді жартылай финалда Қазақстан Ресеймен, Ауғанстан Өзбекстанмен кездеседі.

World Boxing ұйымына 9 ел қосылды

World Boxing ұйымы тағы 9 федерациямен толықты. Сәйкесінше аталған қауымдастыққа мүше елдер саны 168-ге жетіп отыр. Бұл туралы World Boxing-тің баспасөз қызметі хабарлады. Әзірге соңғылардың бірі болып Ресей мен Беларусь құрамалары мүше болған.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада Комитеті Париждегі 2024 жылғы жазғы ойындардан кейін IBA ұйымының мәртебесін біржола алып тастаған болатын. Артынша халықаралық деңгейдегі World Boxing қауымдастығы құрылды. Геннадий Головкин басқаратын ұйым 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты басқару құқығына ие болып отыр.

World Boxing, ұйымының баспасөз қызметі:

- World Boxing атқарушы комитеті 9 жаңа өтінімді мақұлдап, мүше елдер санын 168-ге жеткізді. Ұйымның атқарушы комитеті Беларусь, Кипр, Мозамбик, Ниуэ, Папуа-Жаңа Гвинея, Ресей, Танзания, Тонга және Замбия мемлекеттерінің Ұлттық бокс федерацияларынан түскен өтінімдерді қолдады.

Елде ресми тіркелген 11 ұлттық спорт түрі бар

Олар былтырдан бастап олимпиадалық және паралимпидалық спорт түрлерімен қатар теңестіріліп, жаңа мәртебеге ие болды. Яғни асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, теңге ілу мемлекеттік қолдауға ие.

Соңғы жылдары ұлттық спортпен айналысып, қызығатындар саны айтарлықтай артқан. «Бұл үрдіс көшпенділер ойындарынан кейін ерекше байқалды», - дейді мамандар.

Жандос Мақсұтұлы,  ҚР Туризм және спорт министрлігі ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы:

- Мәселен, бүгінде елімізде 38 балалар, жасөспірімдер спорт мектебі бар ұлттық спортқа арналған. 22 спорт клубы бар. Ұлттық спортқа қатысты 2 спортты дамыту дирекциясы бар. Одан бөлек, республикалық ат спорт түрлері орталығы бар. 21 наурызда Наурыз мерекесі аясында Түркістанда 1500 адамға арналған ипподромның ашылуы жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz