Бүгін – Наурызнама бойынша ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн. Күш-жігер, ептілік пен мергендік мұның бәрі осы төл спортымыз арқылы дамиды.
Ал бұлар өмір салтын нығайтудың құралы. Елде ұлттық спорт қалай дамып келеді? Биыл бізді қандай жарыстар күтіп тұр?
Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар бой көтерді. Бүгінде маңызды нысанның ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 жабық және 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған.Мұнда Наурыз мерекесі қарсаңында спорттың 10-ға жуық түрінен халықаралық жарыстар өтеді.
Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» турнирі, дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты, теңге ілуден Азия Кубогы, жамбы атудан республикалық турнир, асық атудан Әлем кубогы және қазақ күресінен «Түйе балуандар» жарысы өтеді. Сонымен қатар аламан бәйге мен «Толағай» алыптар сайысы ұйымдастырылып, 1000 адам бір мезетте асық ойнап, рекорд жасамақ. Ал қазір бұл алаңда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақтың ұлттық ойындары Олимпиада бағдарламасына енбесе де, төл өнерімізді ұлықтау мақсатында әр жылдары түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Биыл да елде халық ойындары, Ақбидай ауыл спорты ойындары, ауыл жастарының ойындары, ұлттық спорт түрлерінен фестиваль сынды дүбірлі додалар өтеді. Ал күзге салым спортшыларымыз Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарына қатысады.
Авторы: Әлішер Әли
Тегтер #ұлттық спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz