Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Намибиядан 2:0 есебімен басым түсті.
Кездесу FIFA Series 2026 турнирі аясында Астана-аренада өтті. Ойынның 12-минутында Ян Вороговский есеп ашты. Екінші голдың авторы Әлібек Қасым. Ол матчтың 79-минутында қонақтардың қақпасын дәл көздеді. Енді қазақстандық футболшылар 31 наурызда, Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады. Ал 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары өзара мықтыны анықтайды. Турнирдің негізгі мақсаты ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, түрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру.
Тегтер #Қазақстан #футбол #Намибия #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz