Прага қаласында (Чехия) мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында әлем чемпионаты басталды.
Әлем біріншілігінде әйелдер арасында жекелей сын бойынша қысқа бағдарлама сайысы өтті. Бұл жарыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетуде.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 66.95 ұпай жинады. Нәтижесінде аралық есепте 12-орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Каори Сакамото көш бастады - 79.31 ұпай. Екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба ие болды - 78.45 ұпай. Ал үшінші орынды америкалық Эмбер Гленн иеленді - 72.65 ұпай.
Еркін бағдарлама 27 наурызда өтеді. Ол Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарында Софья Самоделкина 10-орын алған еді.
Тегтер #мәнерлеп сырғанау #әлем чемпионаты #24KZ #Софья СамоделкинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz