Елдегі құрылымдардың сарбаздары қазақ күресі мен самбодан сынға түсті. Бәсекенің ашылу салтанатына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Бүгін қазақ күресінен финалға шыққан 16 спортшы өзара мықтыны анықтады. Сегіз салмақта жеңіске жеткен әскерилер әлем чемпионатына жолдама алды. Ертең самбодан финалдық кезең өтеді. Онда да әлем біріншілігінің сегіз жолдамасы сарапқа салынады. Жарысқа 24 командадан 200-ден астам балуан қатысты. Олар Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбаздары. Турнир қорытындысы бойынша құрама команда жасақталады. Олар Әскерилер арасындағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Жұмажан Қожамбек, қазақ күресінен әлемнің төрт дүркін чемпионы:
- Бұл жарысқа қатысатын палуандар өте жоғары деңгейде дайындалып келеді. Өйткені бұл жарыстың Әлем чемпионаты болғанынан кейін барлығы тыңғылықты дайындалып келеді. Финал мен үшін өте қиын болды. Күрес жүргізген палуанымыз – былтырғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Финал өте жоғары деңгейде өтті.
Арман Әбеуов, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы:
- Мәскеуде биыл тамыз айында әскери қызметшілер арасында бірінші самбо күресінен Әлем чемпионаты өтеді. Сонымен қатар қыркүйек айында Ташкент қаласында кураш күресінен Әлем чемпионаты әскери қызметшілер арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Қазір іріктеу жарысы болды.
Тегтер #самбо #Алматы #чемпионат #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz