RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан көш бастады: 8 боксшымыз Азия чемпионатының финалында

08.04.2026, 10:28 33

Бокстан Азия чемпионатының финалына шыққандар саны бойынша Қазақстан көш бастап тұр. 8 бірдей отандасымыз ақтық кезеңде алтынға таласады.

Сондай-ақ Үндістаннан да 8, Өзбекстаннан 7 боксшы шешуші сынға жолдама алған. Ұлттық құрама сапынан ерлерден 60 келіде Оразбек Асылқұлов, 70 келіде Төрехан Сабырхан, 75 келіде Сабыржан Аққалықов, 85 келіде Нұрбек Оралбай және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай чемпиондыққа таласады. Ал әйелдерден 70 келідегі Бақыт Сейдіш пен 80 келідегі Надежда Рябец және 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова өнер көрсетеді. Финалдық бәсекелер 9-10 сәуір аралығында өтеді.   

Төрехан Сабырхан, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

- Финалда Иордания боксшысы. Иордания боксшысы да атағы елге жайылған боксшы. Ол да темп береді. Қазір жекпе-жегін көреміз. Ағам бар, ағайларым бар ақылдасамыз. Ертең төбелес десе төбелесіп береміз. Аяқта ойна десе аяқта да ойнап береміз. Баршаңызға рақмет.  

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Ол 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің кіші финалында түркіменстандық балуанды мерзімінен бұрын ұтып, ел қоржынына алғашқы медальді салды. Қола үшін күрескен тағы бір отандасымыз Қаһарман Қисыметов өзбекстандық спортшыға жол берді. 

Алматбек Аманбек финалда күреседі

«Елге алтынмен барамын». Грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шыққан Алматбек Аманбек осылай уәде берді. Ол ұлттық құрама сапынандағы классикалық күресте ақтық кезеңге жолдама алған жалғыз балуан. Отандасымыз жартылай финалда боз кілем қожайыны әрі Әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Амантур Исмаиловпен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Енді финалда ирандық спортшымен алтынға таласады. Айта кетейік, Бішкектегі азия чемпионаты 12 сәуірге дейін жалғасады. Оған 350-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

Грек-Рим күресінен ұлттық құрама мүшесі:

- Жартылай финалдағы белдесуім өте тартысты өтті. Бапкерлерім айтқан тактиканы толық жүзеге асыра алдым деп есептеймін. Қарсыласым - қырғыздың мықты балуаны, күресім ойдағыдай өтті. Ертең финалда тактика арқылы жеңісті жұлып аламын деген ойдамын. Бұйырса, елге алтын медальмен ораламын. 

Бублик үшінші айналымда

Александр Бублик Монте-Карло турнирін сәтті бастады. Ол екінші айналымда әлемдік рейтингте 199-шы орында тұрған франциялық теннисшімен кездесіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп 2:0. Қос сетте де 6:4 есебі тіркелді. Ойын қысқа уақытқа, яғни 1 сағат 17 минутқа созылды. Ол келесі кездесуінде әлемнің 13-ші ракеткасы саналатын чехиялық Иржи Легечка мен 39-шы орында тұрған чилилік Алехандро Табило арасындағы кездесудің жеңімпазымен шығады. Айта кетейік, Монте-Карло турнирінің жалпы жүлде қоры 6 миллион 300 мың доллардан асады. Жарыс жеңімпазы 1 миллион доллар көлемінде ақшалай және мың рейтингілік ұпайға ие болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz