RU
Толық нұсқаға өту

Азия ойындары: ұлттық құраманың дайындығы жоғары деңгейде

16.04.2026, 00:10 27

Азия чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда Қазақстан құрмасы 22 алтын медаль жеңіп алды. 

Отандастарымыз биыл байрақты бәсекелерде спорттың 11 түрінен ел намысын қорғады. Бұл жайлы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Сондай-ақ жауапты ведомства басшылығы алдағы Азия ойындарына қазақстандық қыз-жігіттердің тас түйін дайын екенін хабарлады.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:

- Қазіргі таңда нысана көздеу, каратэ, велоспорт, бокс секілді спорт түрлерінен оң динамика байқалады. Ал бірқатар бағыттарға арналған халықаралық жарыстарға дайындық үдерісінің бір бөлігінде қарастырылды. Негізгі басымдылық Азия ойындары болып табылады. Жалпы дайындық жақсы деңгейде. Қазақстан ұлттық құрама командасы алдағы Азия ойындарында табысты өнер көрсетуге толық мүмкіндігі бар деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz