Жәнібек шешімді қайта қарауды талап етті.
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы допинг дауына байланысты шектеу уақытын қысқарту немесе толықтай алып тастау туралы талаппен Дүниежүзілік бокс ұйымына ресми түрде апелляция жолдады. Айта кетейік, дисквалификацияға дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион атанған еді.
Он боксшымыз ширек финалға шықты
БРАЗИЛИЯ YOUTUBE.COM
Он боксшымыз ширек финалда. Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан әлем кубогі жалғасып жатыр. Күні кеше іріктеу кезеңдері толық аяқталды. Нәтижесінде 16 боксшымыздың 10-ы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Өкінішке орай, төрешілердің күмәнді шешімімен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дәулет Төлемісов және Наталья Богданова бәсекені ерте аяқтады. Бұған қоса Бағлан Кенжебек, Жансері Көшербаев, Назым Қызайбай қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал енді жүлдеге таласты жалғыстарын қыз-жігіттерді айтар болсақ, 50 келіде Даниял Сәбит, 70 келіде Фарух Тоқтасынов, 75 келіде Санжарәлі Бегалиев, 80 келіде Диас Молжігітов және 85 келіде Сұлтан Айбарұлы шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында да 5 боксшымыз келесі кезеңге өтті. Ол 51 келіде Алуа Балқыбекова, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева, 80 келіде Жібек Жарасқызы және аса ауыр салмақта Валерия Аксенова. Ширек финалдық кездесулер бүгін өтеді. Ал Бразилиядағы бокс бәсекесінің жалпы қорытындысы 27 сәуірде белгілі болады.
Бүгін кімдер жұдырықтасады?
БРАЗИЛИЯ YOUTUBE.COM
Бүгін сегіз бокшымыз жұдырықтасады. Бразилияның бокстан әлем кубогы жалғасып жатыр және ширек финалдық кездесулер өтеді. Қазақ қыз-жігіттері арасынан Виктория Графеева жарысты бастайды. Ол күндізгі сессияда канадалық Марие Аль Ахмадиехпен қолғап түйістіреді. Артынша, Фарух Тоқтасынов әзербайжандық, Сұлтанбек Айбарұлы италиялық жігіттермен жолығады. Кешкі сессияда аса тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Әсіресе 75 келіде Санжарәлі Бегалиев пен әзербайжандық Сайджамшид Джафаров кездеседі. Бұған қоса Даниял Сәбит марокколық, Диас Молжігітов англиялық, ал Аида Әбікееева тағы бір марокколық боксшымен өзара мықтыны анықтайды. Жеңіске жеткендері жартылай финалға жоладма алады. Айта кетейік, Қазақстан мен Бразилия арасында үлкен уақыт айырмашылығы бар. Соған сәйкес, күндізгі сессия 19:00-де, ал кешкі сессия 01:00-де басталады. Ел намысыны қорғайтын қыз-жігіттерге сәттілік тілейміз!
Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Карлос Адамес допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге дайын. Бұл жөнінде доминикандық боксшы The Ring журналына берген сұхбатында мәлімдеді. Айта кетейік, Карлос Адамес қазір WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. «Жәнібекпен арадағы жағдай мен үшін жеке сипатқа ие. Бұл жекпе-жектің өткенін шын жүректен қалаймын. Ол мүмкіндігінше тезірек ұйымдастырылуы керек деп есептеймін. Кез келген уақытта рингке шығуға дайынмын. Бұл айқас әлемдегі бокс жанкүйерлері үшін үлкен қызығушылық тудырады», деді Адамес. Бұған қоса бұл кездесу ол үшін жай ғана титулдық жекпе-жек емес, жеке принципке айналғанын алға тартады. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жуырда ғана допинг дауына тап болып, кәсіпқой рингтен бір жылға шеттетілді. Дегенмен, сарапшылар мен жанкүйерлер орта салмқатағы осы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп отыр.
Тегтер #Бразилия #бокс #ширек финал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz