RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Бразилиядағы Әлем кубогы: Қазақстан 3 алтынмен топ жарды!

27.04.2026, 09:27 41

Қазақстан боксшылары Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңін үш алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды «24kz».

Фос-ду-Игуасу қаласында ұйымдастырылған жарыста ұлттық құрама 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

Финалда Валерия Аксенова (+80 кг) қарсыласын 5:0 есебімен сенімді жеңсе, Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) 4:1 есебімен басым түсті. Виктория Графеева (60 кг) да алтын жүлдеге қол жеткізді. Ал Аида Әбікеева (65 кг) финалда жеңіліп, күміс медаль алды.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) қола жүлдегер атанған болатын.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтады. Көш басында Бразилия, екінші орында Қытай құрамасы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz