RU
Толық нұсқаға өту

Джиу-джитсудан Париж Гран-при сайысы

27.04.2026, 17:46 31

Джиу-джитсудан халықаралық Париж Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль иеленді.

Осы көрсеткіштің арқасында ұлттық құрама командалық есепте екінші орынға шықты. Биылғы жарысқа 23 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан 50 джиу-джитсушы бақ сынады. Алтын медаль жеңіп алғандар қатарында Мариам Урдабаева, Бекзат Қазтаев, Нұрайым Мұңайтпас, Мерей Қабдуллаев, Жігер Алматай және Айзере Сағаділда бар. Айта кетейік, Париждегі бұл дода — Халықаралық джиу-джитсу федерациясы күнтізбесіндегі маңызды рейтингтік жарыстардың бірі. Мұнда жиналған ұпайлар ірі халықаралық чемпионаттарға жол ашады.

Нұржан Арапбаев, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының бас хатшысы:

- Париж Гран-при сайысы – ең маңызды сайыстарының бірі болып саналады. Осы Гранпридің нәтижесімен үлкен ұпайлар жинап, халықаралық деңгейдегі рейтингте үлкен позицияларды ала аламыз. Әлем бойынша Қазақстан құрамасы рейтингтің бірінші орнында тұрады. Біздің дайындығымыз өте керемет деп есептейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz