Қазақстандық шабандоз Олег Соколенко конкурдан әлем кубогында қола жүлде иеленді.
Отандасымыз Cinderella атты тұлпарымен 155 сантиметрлік биіктікті сәтті еңсеріп, үздік үштікке ілінді. Ташкентте өткен бәсекеге Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстаннан 14 спорттық жұп қатысты. Бұған дейін Қазақстанның құрамасының тағы бір өкілі Раиса Соколенко да табысты өнер көрсетті. Ол 130 сантиметрлік кедегілерді сәтті өтіп, үшінші орынға ие болды.
Тегтер #конкуршы #Әлем кубогы #жүлдеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz