RU
Толық нұсқаға өту

Елордада функционалды көпсайыстан турнир өтіп жатыр

07.05.2026, 23:33 44

Елордада мықтылардың күш пен төзімділігі сыналады.

Функционалды көпсайыстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 70 үздік спортшы бір алаңда бас қосты. Онда ерлер мен әйелдер бес санат бойынша сынға түсіп, көп қырлы дайындық деңгейін көрсетеді. Қатысушылар ширақтық, физикалық дайындық пен командалық үйлесімділік танытып, күрделі сынақтардан өтеді.

Николай Мещеряков, Қазақстан функционалды көпсайыс федерациясының президенті:

- Барлық спортшылар алдын ала іріктеуден өтті. Бүгін олар өте жоғары шеберлік көрсетіп жатыр: бір күн ішінде 5 тапсырманы орындауы тиіс. Қазір өте тартысты бәсеке жүріп жатыр. Біз бұл жарыстарды мұқият бақылап отырмыз. Функционалды көпсайыс — кроссфиттің баламасы. Мұнда дағдылар, күш, жылдамдық, төзімділік, үйлесім секілді адамға қажет барлық қасиеттер қамтылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz