Жалғас Қайролла дзюдодан елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионатының жеңімпазы атанды.
Осылайша, байрақты бәсекеде ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақ палуаны финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды айқын басымдықпен ұтты. Ол жеңісті жолында қырғыз, тәжік, молдован спортшыларынан басым түсті. Ал ақтық айқасқа жолдама үшін күресте қазақ спортшысы Досхан Жолжақсыновты жеңді.
Тегтер #Grand Slam #Жалғас Қайролла #дзюдо #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz