RU
Толық нұсқаға өту

Хоккейден ұлттық құрама әлем чемпионы атанды

10.05.2026, 11:15 38

Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы әлем чемпионы атанды. Польшада өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді.

Бүгін чемпиондар елге оралды. Оларды әуежайда жанкүйерлері күтіп алды. Олардың арасында федерация өкілдері, құрама мүшелерінің жақындары мен спортсүйер азаматтар бар. Айта кетейік, Қазақстан командасы Литва, Жапония, Польша, Украина құрамаларын жарыс жолынан шығарса, ақтық сында Франция ойыншыларын 2-1 есебімен қапы қалдырды. Осы әлем біріншілігінде ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген сегіз ойыншы бар. Солардың бірі жастар арасында лайықты өнер көрсеткен Аңсар Шайхмедденов.

Аңсар Шайхмедденов, Хоккейден ұлттық құрама мүшесі:

- Барлық ойын қиын болды деп ойлаймын. Бірақ ең басты, ең маңызды, эмоция жағынан да қиын болған ойын ол Украина командасына қарсы ойын болды. Өйткені 3-1-мен ұтып жатып кішкене жіберіп қойып, 3-3 болды. Содан кейін барып кейінгі буллит кезінде шешілді барлығы. Сол ойыннан кейін жеңіл болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz