RU
Толық нұсқаға өту

Qazaqstan Barysy Grand Slam: қоржынымызға екінші алтын түсті

10.05.2026, 19:00 34

Астанада өтіп жатқан дзюдодан ((Qazaqstan Barysy Grand Slam)) Қазақстан Барысы Гранд Слэм турнирінде қоржынымызға екінші алтын жүлде түсті.

Кезекті жеңісті 100 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен Марат Байқамұров олжалады. Жерлесіміз шешуші белдесуде Молдова өкілі Вадим Жимбовчиді 1:0 есебімен ұтты. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын медаль бар. Бұған дейін 81 келіге дейінгі палуандар арасында Жалғас Қайролла жеңімпаз атанған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz