RU
Толық нұсқаға өту

Александр Бублик Римдегі турнирден шығып қалды

12.05.2026, 10:12 41

Ал ерлерден Александр Бублик Италиядағы Рим турнирінің 3-айналымында жарыс жолынан шығып қалды.

Еліміздің бірінші ракеткасы американдық теннисшімен жолығып, 2:1 есебімен ұтылды. Ол алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңіске жетсе де, қарсыласы қалған 2 сетте 3:6, 3:7 есебін тіркеп, камбэк жасап кетті. Тартысты ойын 2 сағат 7 минутқа созылды. Дәл қазір жерлесіміз әлемдік АТР рейтингінде 11-орында тұр.

Дзюдошылар 8 жүлде иеленді 

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турнирінде жалпы есепте 3-орын алды. Жерлестеріміз 3 күнге созылған байрақты додада бас-аяғы 8 медаль жеңіп алды. Яғни 2 алтын, 2 күміс және 4 қола иеленді. Жалғас Қайролла мен Марат Байқамуров турнирі чемпионы атанса, Талғат Орынбасар мен Камила Берліқаш күміс еншіледі. Сондай-ақ Шерзод Давлатов пен Аңсарбек Ғайнуллин, Айдар Арапов пен Аида Тойшыбекова ола медальға қол созды. Бұл ел тарихындағы елеулі жетістік. Бұрын соңды ел атынан Grand Slam жарыстарында екі бірдей чемпион шықпаған еді.

Шерзод Давлатов, жарыстың қола жүлдегері:

- Мағжан Шамшадиннің жарақат алуына байланысты күрескен жоқпыз. Жартылай финалда кішкен асығыстық танысттым. 1 юко ұпайынан кейін лақтыру керек деген асығыстықпен қателік жіберіп қойдық. Мұнымен тоқтамаймыз. Келесі жарыста алтын үшін барымды саламын.

Қазақстан бұл беделді жарысты төртінші жыл қатарынан қабылдады. Әлемдік дзюдо қауымдастығы бұл жолы да турнирді ұйымдастыру деңгейіне жоғары бағасын берді. Айтулы додаға Олимпиада және әлем чемпиондары, Grand Slam және Masters турнирлерінің жүлдегерлері қатысты.

Тимур Болат, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы:

- Бұл олимпиада алдындағы соңғы гранд-слэм. Келесі жылы бізде Астанада әлем чемпионаты өтеді. 2028 жылғы Олимпиада ойындары өткеннен кейін тағы 4 жылға гранд-слэм аламыз ба, алмаймыз ба, сол жерде Халықаралық дзюдо федерациясы мен Қазақстан дзюдо федерациясы өзара шешім қабылдайды.

Елена Рыбакина ширек финалға шықты  

Елена Рыбакина Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы саналатын жерлесіміз төртінші айналымда чехиялық Каролина Плишковамен кездесті. Сөйтіп 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қос сетте 6:0, 6:2 есебі тіркелді. Енді келесі кезеңде әлемнің 7-ракеткасы саналатын украниналық Элина Свитолинамен кездеседі. Отандасымыз осыған дейін грекиялық және филиппиндік спортшыларды жарыс жолынан шығарған еді. Айта кетейік, Рыбакина 2023 жылы дәл осы турнирде топ жарды. 

Елена Рыбакина, теннистен ұлттық құрама мүшесі:

- Бүгін мен өте тамаша ойын көрсеттім. Өзіме ризамын. Каролинаның жарақаттарынан емделіп, кортқа қайта оралғанына қуаныштымын. Онымен өтетін ойындар әрдайым қиын. Әсіресе соққылары мықты. Мен Римді қатты жақсы көремін. Қаланың өзі де, стадионы да керемет. Бұл шынымен ғажап әсер сыйлайды. Маған сеніп, қолдау білдіргендеріңізге алғысым шексіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz