Қазақстандық парадзюдошылар Grand Prix турнирінде 13 медаль жеңіп алды. Оның 3-еуі алтын, 2-еуі күміс, қалған 8-і қола.
Астанада өткен жарыста 25 отандасымыз J1 және J2 санаттары бойынша боз кілемде белдесті. Ұлттық құрама сапынан Жұқамырза Шүкірбеков пен Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Қалмұрза өз салмақтарында топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Елена Рыбакина жартылай финалға өте алмады
Елена Рыбакина Италиядағы турнирде жеңіліп қалды. Ол ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылды. Алғашқы сетті 6:2 есебімен өз пайдасына шешкенімен, қалған екі сетте 4:6 есебі тіркелді. Осылайша, әлемнің екінші ракеткасы 10-шы орында тұрған теннисшіге жол берді. Айта кетейік, Рыбакина осыған дейін Грекия, Филиппин, Чехия елдерінің спортшыларынан басым түскен еді. Жерлесіміз бұл турнирде 150 мың еуро көлемінде пайда тауып, 215 рейтингілік ұпайға ие болды.
14 жастағы спортшы ел чемпионы атанды
Небәрі 14 жастағы ауыр атлет әйелдер арасында Қазақстан чемпионатында топ жарды. Екінші жарыс күнінде Снежана Кашкарова 58 келі салмақ дәрежесінде рекорд орнатып, қарсылас шақ келтірмеді. Жетісулық атлет жұлқа көтеруде 88 келіні бағындырса, серпе көтеруде 115 келіні еңсерді. Сәйкесінше, қос сайыста 203 келімен ел чемпионы атанды. Снежана былтыр да Астанада өткен Қазақстан біріншілігінде 48 келі салмақта топ жарған еді.
Снежана Кашкарова, екі дүркін Қазақстан чемпионы
- Қазақстан чемпионатының рекордын бұзуға бұрыннан дайындалдым. 2 жыл бойы осы мақсатқа ұмтылдым. Шынымды айтсам, жаттығуда бұдан да төмен салмақ көтеріп жүрдім. Бүгін өзім ойлағаннан жоғары салмақ бағынды. Алда жоспарым көп. Азия чемпионатына қатысып, олимпиада ойындарында топ жарғым келеді.
Тегтер #Елена Рыбакина #жартылай финал #парадзюдо #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz