Ел біріншілігіне әр аймақтан 160 зілтемірші жиналды. Ерлер мен әйелдер сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, кейін командалық сайыста өнер көрсетеді.
Бұл чемпионат ауыр атлеттер үшін аса маңызды жарыс. Себебі, жеңімпаз атанғандарға құрлық додасында бақ сынауға мүмкіндік беріледі. Біріншілік 19 мамырға дейін жалғасады. Осы күнге дейін жеңіл салмақтағы мықтылар анықталып, ел рекорды бірнеше рет жаңарды.
Әлішер Тұрғанбай, Ауыр атлетикадан ҚР чемпионы:
- Мен бұл жарысқа 60 келі салмаққа шықтым. Жұлқа көтеруден 123 келі көтеріп ҚР рекордын жаңарттым. Серпе көтеруден 148 келі көтердім. Жалпы суммасында 271 келі жинақтадым. Алдағы мақсат жылдың соңында әлем чемпионаты бар. Соған дайындаламыз.
Асқар Қадеров, Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы:
- Ең мықты деген спортшылар бірінші состав қатысып жатыр. скл Осы жарыс нәтижесі бойынша Азия ойындары қыркүйек айында Жапонияда болады. Соған іріктеуге жолдама алады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #ауыр атлетика #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz