RU
Толық нұсқаға өту

World Boxing ұйымы Олимпиададан үш салмақты алып тастады

15.05.2026, 09:00 54

World Boxing салмақ дәрежелерін қысқартты.

World Boxing ұйымы Олимпиада ойындарынан 3 салмақты алып тастады. Енді ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Мәселен, ерлер 55, 60, 65, 70, 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді. Ал әйелдер 51, 54, 57, 60, 65, 70 және 70 келіден жоғары салмақта өзара мықтыларды анықтайды. Лос-Анджелес Олимпиадасы алдындағы жаңа іріктеу жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады. Яғни жолдамалар 3 әлемдік турнир мен 5 құрлықтық жарыста сарапқа салынады. Соның бірі келесі жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында лицезиялар беріліп бастайды.     

Ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтіп жатыр

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншелігіне әр аймақтан 160 зілтемірші жиналған. Ерлер мен әйелдер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, кейін командалық сайыста өнер көрсетеді. Бұл чемпионат ауыл атлеттер үшін аса маңызды жарыс. Яғни жеңімпаздар Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Ел біріншілігі 19 мамырға дейін жалғасады. Осыған дейін жеңіл салмақтағы мықтылар анықталып, ел рекорды бірнеше рет жаңарды. 

Әлішер Тұрғанбай, ауыр атлетикадан қазақстан чемпионы:

- Мен бұл жарысқа 60 келі салмаққа шықтым. Жұлқа көтеруден 123 келі көтеріп ҚР рекордын жаңарттым. Серпе көтеруден 148 келі көтердім. Жалпы суммасында 271 келі жинақтадым. Алдағы мақсат жылдың соңында әлем чемпионаты бар. Соған дайындаламыз.

Асқар Қадеров, ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы:

- Ең мықты деген спортшылар бірінші состав қатысып жатыр. Осы жарыс нәтижесі бойынша Азия ойындары қыркүйек айында Жапонияда болады. Соған іріктеуге жолдама алады.

Алмат Жұманов титулдық жекпе-жекке шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов ертең Эквадорда титулдық жекпе-жекке шығады. “Қазақ титаны” лақап атымен танымал отандасымыз жергілікті спортшы Фелипе Лареспен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBC Latino Silver чемпиондық белбеуін иеленеді. Айта кетейік, Алмат Жұманов бүгінде Латын Америкасы елдерінде Қазақстан намысын қорғап жүрген жалғыз боксшы. Кәсіби мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, соның сегізінде жеңіске жеткен. 

Алмат Жұманов, кәсіпқой боксшы:

- Қарсыласым венесуэлалық Фелипе Лорес өте тәжірибелі боксшы. 19 рет шығып, 12-сінде нокаутпен жеңіске жеткен. Жаттықтырушым Иса Ақбербаевтің қойып берген жоспарымен, техникасымен жұмыс істейтін боламыз. Белбеуді, бұйырса,Қазақстанға алып келемін. Адаптация өте қиын. Бұл жаққа 2 апта бұрын келдік. Өйткені таулы аймақ болған соң ауа райы өте қиын, кислород аз. Құрметті, қазақ елі мұхиттың арғы жағынан сіздердің қолдауларыңызды әлеуметтік желілерде көріп отырмын. Қазақ спорты, қазақ боксы жасасын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz