RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды

18.05.2026, 15:39 210

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, грек-рим күресі бойынша 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шамиль Ожаев алтын медаль жеңіп алса, 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардақов қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінде алматылық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары қатарында Айнұр Әшімова (55 кг), Жаңыл Бекен (65 кг) және Жәмилә Бақбергенова (68 кг) бар. Қаламқас Жүніс (59 кг) күміс жүлдегер атанса, Алина Ертөстікке (76 кг) қола медаль бұйырды.

Еркін күресте Нұрқожа Қайпанов (74 кг), Санжар Досжанов (70 кг) және Ерхан Әбіл (79 кг) Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Асыл Айтақын мен Бақдәулет Әкімжан күміс жүлдеге ие болса, Мерей Базарбаев пен Родион Анчугин турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Турнир аясында Нұрқожа Қайпановқа Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» I дәрежелі құрмет белгісі табысталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz