RU
Толық нұсқаға өту

Бабаян: футболшылар 100 мың теңгеге ойнайды

19.05.2026, 09:30 57

Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ол Қытайдың Чунцин қаласында өткен өзінің алғашқы құрлықтық додасында секіру дисциплиналары бойынша үздік үштікке енді. Бүгін ел атынан тағы 2 бірдей отандасымыз финалда бақ сынайды. Үш қарғып секіруден Мария Ефремова мен сырық-пен секіруден Полина Иванова жүлдеге таласады. 

«Астана» футболшылары айына 100 мың теңге алады. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян командасы «Оқжетпестен» ұтылғаннан кейін осындай күтпеген мәлімдеме жасады. Ойыншылар сол үшін алаңда нәтиже көрсетуге құлқысыз дейді. Айтуынша, команданы қаржыландыратын қор жаңа футболшылармен, қазіргі ойыншылармен де келісімшарт жасауға тыйым салған. Салдарынан олар өте аз жалақыға ойнауға мәжбүр.

Григорий Бабаян, «Астана» футбол клубының бас бапкері:

- Біз ұзақ уақыттан бері үнсіз келдік. Осы ойынның алдында бізге назар аударады деп үміттендік. Футболшылардың көбісі 100 мың теңгеге ойнайды. Бұл дұрыс емес. Түптеп келгенде Қазақстан футболында мұндай жағдай тіптен жоқ. Команда капитаны Томасов та дәл осындай ақшаға ойнайды. Осыдан кейін құлшыныс қайдан болсын!? 

Ауыр атлетикадан ел біріншілігі аяқталды

Жетісу облысында ауыр атлетикадан ел біріншілігі аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде 110 келіден жоғары яғни аса ауыр салмақтағы ерлер жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде шымкенттік Бағдат Маматкул топ жарып, алтыннан алқа тақты. Ол жұлқа көтеруде 156 келіні бағындырса, серпе көтеруде 208 келіні еңсерді. Қоссайыста 371 келімен жарыс жеңімпазы атанды. Ал екінші, үшінші орындарды жергілікті спортшылар бөліп алды. 1 аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша, Жетісу облысының спортшылары жалпы есепте топ жарды. Яғни ерлер мен әйелдер арасында да көш бастап тұр.

Әлішер Тұрғанбай, Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы:

- Мен бұл жарысқа 60 келі салмаққа шықтым. Жұлқа көтеруден 123 келі көтеріп ҚР рекордын жаңарттым. Серпе көтеруден 148 келі көтердім. Жалпы суммасында 271 келі жинақтадым. Алдағы мақсат жылдың соңында әлем чемпионаты бар. Соған дайындаламыз.

Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы:

- Ең мықты деген спортшылар бірінші состав қатысып жатыр. Осы жарыс нәтижесі бойынша Азия ойындары қыркүйек айында Жапонияда болады. Соған іріктеуге жолдама алады.

Александр Бублик үздік ондыққа кірді

Александр Бублик әлемдік ATP рейтингінде қайтадан үздік ондыққа енді. Еліміздің бірінші ракеткасы саналатын ол 11-ден 10-шы орынға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады. Еншісінде 3230 ұпай бар. Қазір жерлесіміз осы аптада Швейцарияда өтетін турнирге дайындалып жатыр. Онда ұпайын ұлғайтуға тамаша мүмкіндік бар. Әзірге италиялық Янник Синнер көш басында тұр. Екінші орынға испаниялық Карлос Алькарас жайғасса, үздік үштікке германиялық Александр Зверев кірген. Ал еліміздің екінші ракеткасы саналатын Александр Шевченко 85-тен 89-ға, Тимофей Скатов 188-ден 191-ші орынға төмендеген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz