RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Головкин қолдаған шешім: Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді

20.05.2026, 12:02 133

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында елордада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтетінін хабарлады, деп хабарлайды «24KZ».

Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді.   Бұл туралы қала басшысы World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен және ұйымның бас хатшысы Том Диленмен өткен ресми кездесуден кейін мәлімдеді.

«Елордамыз әлемдік бокстың орталығына айналмақ – Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл – қала үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бокс – Қазақстанның болмысымен біте қайнасқан спорт түрі. Бұл – қайсарлықтың, тәртіптің және жеңіске деген жігердің көрінісі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әлемдік бокстың елордада өтуі   – қала үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік, деді  қала басшысы. 

Кездесуде әлем чемпионатына дайындық, спорт инфрақұрылымының әзірлігі және алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz