RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда шахматтан халықаралық турнир өтті

01.06.2026, 22:40 34

Бейжіңде шахматтан халықаралық турнир өтті. Жарысты Қазақстанның Қытайдағы мәдениет орталығы халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы ұйымдастырған.

Іс-шара қазақ пен қытай ғана емес, өзге де елдердің жас буыны арасындағы мәдени алмасу мен достықты нығайтуға бағытталды. Оған Қазақстан, АҚШ, Қытай, Ресей, Әзербайжан және Өзбекстаннан  40-тан астам бала қатысты. Жас шахматшылар швейцариялық жүйе бойынша 5 тур ойнап, «Балалар достық кубогын» сарапқа салды. Бірнеше сағатқа созылған зияткерлік жарыста Қазақстан, Қытай, Ресей ойыншылары жүлделі орындарды иеленді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нұрәлі Ғабит, жарысқа қатысушы:

- Маған жарыс қатты ұнады. Екі қарсыласым Қытай елінен болды. Бірінші ойында қытайлықтан жеңілдім. Өте қиын болды. Бірақ үлкен тәжірибе алдым.

Ли И Мин, жарысқа қатысушы:

- Менің жасым 10-да. Шахматты 4 жасымнан бері ойнап жүрмін. Бұл жарысқа бір айдан аса уақыт белсенді дайындалдым. Өйткені Халықаралық турнирге

тәжірибелі ойыншылар қатысатынын білемін. Осы жарыста жаңа достар таптым. Көңіл-күйім өте керемет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz