Олимпиада чемпионы заңнама талаптарына сәйкес келісім-шартқа қол қойып, айлығын толық алатын болды.
Бұған қоса 5 маусымда ол жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады.
Бибісара Асаубаева топ басына шықты
Бибісара топ басына шықты. Дәл қазір Норвегияның Осло қаласында әйелдер арасындағы шахматтан супер турнир өтіп жатыр. Яғни әлем үздіктері өзара мықтыны анықтауға кірісті. Алғашқы айналымдар қорытындысы бойынша қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші орынға тұрақтаған еді. Енді бүгін басты қарсыластарының бірі қытайлық Чжу Цзиньэрді жеңіп, сенімді түрде бірінші сатыға көтерілді. Қазір қазақ қызының еншісінде 12,5 ұпай бар. Одан кейін үндістандық Дивья Дешмух тұр. Оның еншісінде 8,5 ұпай. Яғни қос мықтының арасын 4 ұпай бөліп тұр. Алдыңғы бестікке Украина мен Қытай қыздары кірді. Енді келесі турда, яғни сегізінші турда жоғарыда айтқан Бибісара мен Дивья кездеседі. Сәйкесінше ең тарысты және ең шешуші ойын болмақ. Норвегиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 6 маусымда белгілі болады.
Әлем үздіктері Астанаға ағылады
Астанада әлемдік аламандарды қабылдауға қызу дайындық басталды. Әңгіме таеквондо жарыстары жайында. Биыл бұнда әлемдік гран-при, ал келесі жылы әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты Дүниежүзілік таеквондо федерациясының өкілдері елордамызға арнайы келіп, әзірлік жұмыстарымен танысты. Оның ішінде жарыстар өтетін спорт нысандарын аралады. Сондай-ақ тараптар техникалық, ұйымдастырушылық және логистикалық мәселелерді талқыланды. Халықаралық делегация құрамында Олимпиада ойындары мен Дүниежүзілік таеквондо федерациясы ұйымдастыратын ірі жарыстардың техникалық делегаты Мохамед Шаабан, спорт және іс-шараларды басқару департаментінің директоры Кисам Ким және федерацияның техникалық әрі IT-директоры Томас Боссер бар. Қазақстандық тараптан кездесуге отандық таеквондо федерациясының президенті Қудрет Шамиев, Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков және Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты. Айта кету керек, бұндай деңгейдегі бәсекелер тек Қазақстан үшін емес, жалпы Орталық Азия елдері үшін тарихи әрі маңызды саналады.
Академия құрылысы қайта жанданды
Академия құрылысы қайта жанданды. Былтыр қарашада Тараз қаласында балалар футбол академиясының құрылысы басталғаны жарияланып, оған 3 жарым миллиард теңге қарастырыған еді. Бірақ арада алты айдай уақыт өтсе де нысан бой көтеруі керек аумақ қаңырап бос тұрды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде кеңінен сынға алынған болатын. Артынша Қазақстан футбол федерациясы ресми түсіндірме жіберіп, құрылыстың қайта жанданғанын жеткізді. «Қазір жер телімдері толық рәсімделіп, құрылыс алаңында дайындық жүріп жатыр. Бұған дейін сұрақ тек жер телімдерінің ұзақ рәсімделуіне байланысты болған еді. 8 гектар аумақта салынатын академияда жабық және ашық футбол алаңдары, жатақхана, оқу сыныптары, медициналық және қалпына келтіру орталығы, сондай-ақ 1000 орындық трибуна болады. Нысан FIFA мен UEFA талаптарына сай салынады. Академияда 14-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар білім алып, кәсіби дайындықтан өтеді» делінген хабарладамада. Бұған қоса жоба толықтай инвесторлардың қаржыландыруымен іске асатыны айтылған.
Тегтер #Михаил Шайдоров #мәселе #жалақы #Бибісара Асаубаева #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz