RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ жастары футболдан Португалиямен тең түсті

04.06.2026, 09:44 52

Қазақ жастары Португалиямен тең түсіп, сенсациялық нәтиже тіркеді. Грекияның Салоники қаласында футболдан 19 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеуі өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Португалия, Сербия және Грекия сияқты елдермен бір топқа түсті. Біздің жігіттер ә дегеннен Португалия құрамасына қарсы ойнады. Қос тарап та аса сақ тактикамен өнер көрсетті.

Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құрама жігіттерімен жаттығып жатыр. Бұл жөнінде қазақстандық кәсіпқой боксшының өзі мәлімдеді. Әзірге елімізде физикалық дайындықты пысықтайды. Одан кейін айдың аяғына қарай Америкаға аттанып, арнайы әзірлікке кіріспек.

Есеп тек 81-ші минутта ашылды. Португалия сапындағы Феррейра мергендігімен көзге түсті. Артынша бірер минуттан кейін Алдияр Нұрғали есепті теңестірді. Қорытынды нәтиже 1:1. Осылайша, Қазақстан құрамасы маңызды бір ұпайға қол жеткізді. Соның арқасында қазір өз тобымыздың үшінші сатысында тұрмыз. Енді ұлттық құрама 6 маусымда Сербия командасымен, 9 маусымда Грекия командасымен кездеседі.

Анна Данилина теннистен жартылай финалға шықты

Дәл қазір Кәрі Құрлықта теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі Франция ашық чемпионаты өтіп жатыр. «Ролан Гаррос» атымен танымал байрақты бәсекеге қазақстандық Анна Данилина қатысып жатыр. Ол жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге өте жақсы өнер көрсетті. Ширек финалда нидерландылық және австралиялық теннисшілерді айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп 6:2, 7:6. Соның арқасында сенімді түрде жартылай финалға шықты. Қазақстан және Сербия қыздарының келесі қарсыластары әзірге белгісіз. Франциядағы теннис турнирі 7 маусымға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 72 миллион АҚШ долларын құрайды. Яғни өткен жылмен салыстырағанда 9 миллион долларға артып, сыйақы көлемі бұрын-соңды болмаған рекордттық деңгейге жетті.

Иван Дычко кәсіпқой рингке оралды

Иван Дычко ұзақ үзілістен кейін кәсіпқойрингке қайта оралды. Аса ауыр салмқатағы қазақстандық боксшы келесі кездесуін алдағы сенбіде, яғни 6 маусым күні өткізеді. Осы мақсатта Ұлыбританияның Борнмут қаласына барып, жаттығуын пысқытап жатыр. Қарсыласы өте мықты. Бұған дейін жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкспен қолғап түйістіреді. Ал кештің басты айқасында британиялық Крис Биллам-Смит пен канадалық Райан Розицки бірінші ауыр салмақта күш сынасады. Айта кетейік, Дычко соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткізген болатын. Сол кездесуде америкалық Джермейн Франклинге төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберіп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz