RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ боксшылары рейтингте көш бастады

05.06.2026, 09:28 38

Бибісара - супертурнир жеңімпазы. Норвегияның Осло қаласында әйелдер арасындағы шахматтан айтулы жарыс аяқталды.

Яғни, әлем үздіктері өзара мықтыны анықтаған болатын. Әсіресе негізгі тартыс Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан  гроссмейстерлері арасында болды. Еліміздің намысын қорғаған Бибісара Асаубаева бәсеке барысында ең басты қарсыластарын жеңіп, үлкен ұпай айырмасымен алдыға шықты. Ал, соңғы турда украиналық Анна Музычукпен тең түсті. Нәтижесінде 16,5 ұпай жинап, турнир тізіміндегі орнын сақтап қалды. Айта кету керек, қазақ қызы дәл осы әлемдік аламанға алғаш рет қатысып тұр және турнир тарихындағы ең жас қатысушы саналады. Соған қарамастан сенімді түрде жеңіске жетті. Бибісара Асаубаева чемпиондық атақтан бөлек қомақты сыйақыға да ие болды. Ұйымдастырушы тарап 700 мың норвегиялық крон табыстады. Бұл ұлттық валютаға шаққанда 36 миллион 400 мың теңге.

Дастан Сәтбаев «Челсиға» қашан ауысады?

Дастан осы айдың соңында «Челсиға» ауысады. Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың кәсіпқой мансабына қатысты мәселе кейінгі кезде әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жүр. Осыған байланысты Дастанның өзі ресми мәлімдеме жасады. «Қайрат» сапындағы соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл өз алаңымыздағы ойын», – деді ол. Сондай-ақ жас талант «Челси» клубындағы қаралымы мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты да пікір білдірді. «Жалпы қобалжу жоқ. Ең бастысы өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын», – деген еді. Айта кетейік, Дастан ағылшын премьер лигасына бармай тұрып, нарықтық құны ең жоғары ойыншылар қатарына енді. Яғни оның бағасы 3 миллион еуроны құрады. Сәйкесінше АПЛ сапында өнер көрсететін ТМД жігіттері арасында алдыңғы алтылыққа кірді.

Қазақ боксшылары рейтингте көш бастады

Қазақ боксшылары әлемдік рейтингте көш бастады. World Boxing ұйымы соңғы жарыстарды саралап, жаңартылған тізімді жариялады. Оған сәйкес, бес салмақ дәрежесінде біздің былғары қолғап шеберлері бірінші орында тұр. Атап айтқанда, 50 келіде Санжар Тәшкенбай, 55 келіде Махмұд Сабырхан, 70 келіде Төрехан Сабырхан және аса ауыр салмақта  Айбек Оралбай топ басында. Ал әйелдер арасында 70 келідегі Наталья Богданова алдыңғы сатыда тұр. Бұған қоса Назым Қызайбай мен Аида Әбікеева өз салмақ дәрежелерінде екінші орынға жайғасты. Үздік үштікке кіргендер арасында  әйелдерден Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец және Дина Исламбекова, ерлерден Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай бар. Айта кетейік, жоғарыдағы қыз-жігіттердің басым бөлігі бірер күннен кейін әлем кубогіне қатысады. Байрақты бәсеке 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz