RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Дастан Сәтпаев

Дастан Сәтпаев «Қайраттағы» соңғы матчтарын өткізеді: жанкүйерлер сүйіктісімен қоштасады

05.06.2026, 16:16 65

Алматылық «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев клуб сапындағы соңғы матчтарын өткізгелі отыр. Көп ұзамай шабуылшы мансабын Англияның әйгілі «Челси» клубында жалғастырады, деп хабарлайды «24KZ».

Клуб мәліметінше, Дастан Сәтпаев «Атырау» және «Қызылжарға» қарсы кездесулерде «Қайрат» жейдесінде өткізеді. Бұл  ездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ.

«Қайрат» — «Атырау»  кездесуі 13 маусым  сағат  18:00,

«Қайрат» – «Қызылжар» матчы 17 маусымда сағат 19:00 өтеді.

Ал «Қызылжармен» матч аяқталғаннан кейін Орталық стадионда футболшыға арналған арнайы қоштасу рәсімі ұйымдастырылады.

Он жыл бұрын «Қайрат» академиясына келген Сәтпаев осы уақыт ішінде негізгі құрамның көшбасшысына айналды. Ол клубтың рекордсмені атанып, қазіргі құрамдағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі болды. Жанкүйерлер де оны команданың басты символдарының бірі ретінде қабылдайды.

Енді талантты футболшыны Еуропадағы жаңа сынақ күтіп тұр. Ал қазақстандық жанкүйерлер оның «Қайрат» сапындағы соңғы ойындарын тамашалап, үлкен футболға аттанар алдында құрметпен шығарып салуға мүмкіндік алады.

Қазір «Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін өз алаңымыздағы матчтарға билет сатыла бастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz