RU
Толық нұсқаға өту
Жеке мұрағатынан

Михаил Шайдоров Қазақстаннан кетті: Бапкері мен хореографын ауыстырды

09.06.2026, 12:47 186

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Спорт министрлігімен жаңа келісімшартқа отырғаннан кейін, АҚШ-та танымал мамандармен бірге дайындыққа кірісті, деп хабарлайды «24KZ».

Спортшы өзінің Instagram парақшасында Калифорния штатының Ирвайн қаласында орналасқан әйгілі «Great Park Ice» мұз айдынынан фотосурет жариялап:

 «Алдыда жаттығуға толы нәтижелі ай күтіп тұр, өте бос болмаймын», - деп жазды.

 «Great Park Ice» - әлемдік деңгейдегі жұлдыздар жаттығатын танымал кешен. Бұл мұз айдынында Олимпиада чемпионы Нейтан Чен, әлем чемпионы Илья Малинин және NHL- дың  «Anaheim Ducks» клубының хоккейшілері дайындалады.

Шайдоровтың жаңа маусымға мүлдем басқа мамандардың қол астында дайындалатынын оның ресми фан-қоғамдастығы да растады:

Осы айда Мишаның атқаратын жұмысы шаш-етектен. Ол әлемге әйгілі бапкер Рафаэль Арутюнянның жетекшілігімен жаттығады. Сонымен қатар, танымал хореограф Шей-Линн Борнмен бірге жаңа бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Михаилге бұған дейін Олимпиада алтыны мен әлем чемпионатының медалін алуға көмектескен ресейлік маман Алексей Урмановпен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істейтін-істемейтіні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz