RU
Толық нұсқаға өту

Көшпенділер ойындарына дайындық жүріп жатыр

10.06.2026, 09:27 56

Алдағы көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсетуіміз керек. Бұл жөнінде Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.

Осы мақсатта Астанаға отандық көкпарға жауапты барлық мамандарды жинады. Яғни елдегі бапкерлер, төрешілер және жергілікті федерация басшылары түгелдей бас қосып, дүниежүзідік дода алында жоспарды нақтылады. Әсіресе ұлттық құраманың дайындығы, оның ішінде жаттығу жиындары, аттардың әзірлігі және керек-жарақпен қамту мәселелері сөз болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл көрші қырғыз елінде өтеді. Жарыс 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен тең түсіп, Венгрияға есе жіберді. Өкініштісі, Талғат Байсуфинов баптайтын жігіттер екі жолдастық кездесуде де жеңіске жете алмады. Арменияда өткен матч 1:1 есебімен, Венгриядағы 3:1 есебімен аяқталды. 

Софья Берульцева – «Grand Winner» иегері      

Софья Берульцева – «Grand Winner» иегері. Яғни қазақстандық каратэші жыл үздігіне берілетін сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, Софья бұл жетістікке алғаш қол жеткізіп тұр. Десе де жыл сайын тұрақты жоғары нәтиже көрсетеді. Әсіресе биыл үш бірдей премьер-лигада қатарынан алтын жеңіп алды. Ал төртінші, яғни шешуші кезеңі бірер күннен кейін Марокко астанасы Рабат қаласында болады. Оған 16 спортшымыз қатысаты. Араларында аса ауыр салмақтағы Софья Берульцева да бар. Сол жарыстан кейін ресми марапаттау рәсімі өтеді. Софья қазірден рейтингте үлкен ұпай айырмасымен алға шықты. Сондықтан халықаралық каратэ федерациясы оны алдын-ала әлеуметтік желі арқылы құттықтап үлгерді. Бұған қоса, тағы қос қазақ қызы осы сыйлықты алуы мүмкін. Яғни Әсел Қанай мен Бэлла Самашева да өз салмақ дәрежелеінде үміткерлер тізімінде тұр. Нақтылай кетейін, Рабат қаласындағы әлемдік аламанға ұлттық құрамамыз бүгін аттанады. Жарыстың өзі 12-13 маусымда болады. Ал марапаттау рәсімі 14-ші маусым ұйымдастырылады. 

Спортшыларды жан-жақты қолдау керек 

Біздің спортшылар соңғы жылы 20 тарихи нәтиже тіркеді. Яғни әлемнің үздік деген атлеттерін басып озып, төрткүл дүниені таңқалдырды. Ал алдағы жылы елімізде жеті бірдей әлем чемпионаты өтеді. Әсіресе бокс, ауыр атлетика, таеквондо сияқты бағыттар бойынша Лос-Анджелес олимпиадасы алдындағы лицензиялық дүниежүзілік додаларды ұйымдастырамыз. Бұл жөнінде спортқа жауапты министр Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Үкімет үйінде өткен брифингте ведмоство басшысы ел иммиджі мен отандық спорттың әлеуетін көтеретін осындай ақпараттардың назардан тыс қалып қойып жататынын айтты. Яғни ақпар толыққанды жетпеген соң, білмеген жұрт қауесет таратуы мүмкін. Бұл мемлекет тарапынан жүргіліп жатқан жүйелі жұмысқа кесірін тигізетіні анық. Бұған қоса, ел намысын қорғайтын қыз-жігіттердің дайындығына да кедергі. 

Ербол Мырзабосынов, ҚР Спорт және туризм министрі:

- Алдағы уақытта жеті бірдей әлем чемпионатын қабылдаймыз. Бұл өте үлкен және кешенді жұмыс. Әсіресе Мемлекет басшысының геосаясатының арқасында қазір бүкіл әлемнің назары бізге ауып, халықаралық федерациялардың таңдауы бізге түсіп отыр. Алайда бұл жаңалықтар жаппай жарияланып жатқан жоқ. Ал өз ішімізде шешілетін кейбір мәселелер ақпарат құралдарына шығып, соған басымдық беріліп жатады. Айтпағым, кез келген мәселені жүйелі реттеп, ең біріншіден спортшылардың маңызды жарыстарға дайындығына кері әсер етпесек деймін.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz