RU
Толық нұсқаға өту
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov

Шавкат Рахмоновтың салмағында күтпеген өзгерістер болды

10.06.2026, 10:39 65

UFC жартылай орта салмақ рейтингін жаңартты. Жаңартылған тізімде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жоқ,  деп хабарлайды «24KZ».

Ұйымның ережесіне сәйкес, ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген спортшылар рейтингтен уақытша шығарылады.

Күтпеген өзгерістер жартылай орта салмақ (77 кг) дивизионында орын алып отыр.

Рейтингтің басты қаһарманы бразилиялық файтер Габриэль Бонфим болды. Ол бірден 6 сатыға жоғарылап, үздік бестікке кірген. Осы жеңілістен кейін Белал 7-орынға, ал тағы бір экс-чемпион Leon Edwards 8-орынға төмендеген.
Қазіргі чемпион — Islam Makhachev.

Ал  Шавкат Рахмонов туралы айтсақ, ол рейтингтен жеңіліп қалғандықтан емес, ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбегендіктен шығарылған. UFC белсенділігі төмен файтерлерді рейтингтен уақытша алып тастай алады.

Яғни, Шавкат Рахмонов рейтингтен жарақаттары мен ұзақ уақыт октагонға шықпауына байланысты шығарылған. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында өткен.
Дегенмен, рейтингтен шығу оның титулдық мүмкіндігін толық жоймайды. Егер Рахмонов жекпе-жекке оралып, жеңіске жетсе, ол қайтадан рейтингке еніп, чемпиондық бәсекеге қосыла алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz