RU
Толық нұсқаға өту

Әлем чемпионатының сыйақысы 871 миллион долларға жетті

11.06.2026, 10:00 44

Бүгін төрткүл дүние тағатсыздана күткен әлем чемпионаты басталады.

Аладоп аламанын үш бірдей мемлекет қабылдайды. Яғни матчтар АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұған қоса қатысушы командалар саны 48-ге ұлғайтылды. Тағы бір ерекшелігі, әлем чемпионатының сыйақысы рекордтық деңгейге 871 миллион долларға жетті.

Бибісара Асаубаеваға қомақты қаржы бөлінді

Бибісара Асаубаеваға кейінгі 3 жылда 700 миллион теңге бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетілді. Қазақстандық шахматшының видеоүндеуінен кейін спортқа жауапты мамандар осындай ресми мәлімдеме жасады. Айта кетейік, Бибісара кейінгі кезде жалақасының көлемі қысқартылып, жаттығу мен жарыстарға ақша жеткіліксіздігін жеткізген болатын. Артынша құзырлы ведмоство шұғыл брифинг ұйымдастырып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекті жік-жіктеп түсіндіріп берді. Туризм және  спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтынша, биылдың өзінде Бибісараға 210 миллион теңгенің қолдауы жасалған және бұл қаржы бір ғана шахматшының дайындығына толық жеткілікті деп есептейді.  

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

Қазақ қыздары әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақ қыздары әлемдік рейтингте көтерілді. Классикалық шахмат бойынша әйелдер арасындағы тізім жаңартылған болатын. Оған сәйкес, қазақстандық Бибісара Асаубаева 2537,6 ұпай жинап, екі сатыға жоғарылады. Қазір әлемдік тізімде бесінші орында тұр. Оның алдына төрт бірдей Қытай қызы жайғасты. Яғни көш басында Хоу Ифань болса, одан кейін Лэй Тинцзе, Цзюй Вэньцзюнь және Чжу Цзиньэр тұр. Қазақстандық шахматшылар арасынан Алуа Нұрман көрсеткішін әлдеқайда жақсартқан. Ол қазір 27-орынға көтерілді. 19 жастағы қазақ қызынан мамандар алдағы уақытта зор үміт күтеді. Бұған қоса тағы бір өкіліміз Меруерт Қамаладинова алдыңғы елулікке кірді. Яғни ол соңғы жетістіктерінің арқасында әлемдік рейтингтің 49-сатысына орналасты. 

Көшпенділер ойындарына дайындық

45 атты іріктеп алып қызу дайындыққа кірістік. Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрдәулет Момынов алдағы көшпенділер ойындарына әзірліктің жоспар бойынша жріп жатқанын мәлімдеді. Ол арнайы еліміздің түкпір-түкпіріне барып, ең мықты деген сәйгүліктерді іріктеп алған. Енді алда ұлттық құраманың төрт бірдей жаттығу жиыны бар. Соның барысында арнайы әзірліктер ұйымдастырып, шеберлікті одан сайын шыңдай түспек. Тағы бір айта кетерлігі, қазір отандық көкпарда ауызбіршілік нығайды. Нәтижесінде ат иелері мен атбегілер өз тұлпарларын ел намысы үшін беруге ынталы екенін байқадым дейді бас бапкер. Айта кетейін, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл көрші қырғыз елінде өтеді. Жарыс 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Нұрдәулет Момынов, көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz