Бүгін түнде төрткүл дүние көз тіккен әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өтеді.
Салтанатты рәсімде FIFA-ның ресми әнін колумбиялық әнші Шакира мен нигериялық орындаушы Берна Бой шырқайды. Жалпы биыл футболдан әлем чемпионатын тұңғыш рет үш мемлекет қатар қабылдайын деп отыр. Мексика, Канада мен АҚШ-тың 16 қаласында барлығы 48 құрама бақ сынайды. Кейінгі әлем чемпионы – Аргентина командасы. Енді «Опта» спорт сарапшылары биылғы аладоп аламанында Испания, Франция, Англия және Португалия құрамалары топ жаруы мүмкін деп топшылап отыр. Ал ойындар 19-шы шілдеге дейін жалғасады.
Тегтер #әлем чемпионаты #футбол 2026 #спорт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz