RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан бокс құрамасы әлем кубогіне 17 спортшыны іріктеп, тізімін жариялады

12.06.2026, 09:54 38

Мексика Оңтүістік Африка Республикасын, ал Оңтүістік Корея Чехияны жеңді. Футболдан төрткүл дүние  тағатсыздана күтіп отырған әлем чемпионаты басталды.

Алғашқы жарыс күні топтық кезең аясында Мексика өз алаңында Оңтүістік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңді. Ал Оңтүістік Корея мен Чехия арасындағы матч 2:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы рейтингте төмендеді. Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы, яғни, ФИФА соңғы ойындарды саралап, жаңартылған тізімді жариялады. Оған сәйкес біздің жігіттер бір сатыға төмендеп, 111-орынға жайғасты. Ұлттық құрама үшін бұл өзгеріс маусым айындағы жолдастық кездесулердің нәтижесіне тікелей байланысты болып отыр. Талғат Байсуфинов шәкірттері сырт алаңда екі матч өткізді. Алдымен Армения құрамасымен тең түссе, кейін Венгриядан 1:3 есебімен жеңілді. Жаңартылған рейтингте көрші елдерден Қырғызстан бір саты жоғарылап, 106-орынға көтерілді. Ал Өзбекстан 50-сатыдаға орнын сақтап қалды. Тізімнің Қазақстанға жақын орналасқан бөлігінде де айтарлықтай өзгерістер бар. Кения мен Ливия екі саты жоғарылап, 109 және 110-шы сатыға жайғасса, бізден кейінгі 112 және 113-орындарға Танзания мен Мавитания орналасты.

Бокстан ұлттық құрама жасақталды

Сабыржан мен Нұрбек жаңа салмақта өнер көрсетеді. Бірер күннен кейін нақтырақ айтқанда, 15-маусым күні Қытайда бокстан әлем кубогі басталады. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы ел намысын қорғайтын қыз-жігіттердің тізімін жариялады. Әсіресе ерлер арасында Сабыржан Аққалықов 80 келіде, Нұрбек Оралбай 90 келіде бақ сынайтын болды. Яғни, қос боксшы олимпиадалық салмаққа ауысып, қазірден бейімделуді жөн көрген. Бұған қоса, шаршы алаңға шығатындар арасында 50 келіде Санжар Тәшкенбай, 55 келіде Тимур Қабдешов, 60 келіде Серік Теміржанов, 65 келіде Санатәлі Төлтаев, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, ал, аса ауыр салмақта команда капитаны Айбек Оралбай бар.

Әйелдер арасында 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева, 70 келіде Лаура Есенгелді, 75 келіде Наталья Богданова, 80 келіде Валерия Аксенова, ал, аса ауыр салмақта Дина Исламбекова тізімге ілікті. Яғни, ерлер арасында 9, әйелдер арасында 8 боксшымыз шығады. Бас-аяғы 17 ұлттық құрама өкілі жүлдеге таласады. Қытайдың Гуянг қаласындағы әлем кубогі жоғарыда айттым, 15-маусым күні басталады және 21-маусымға дейін жалғасады.

Көкпар мен көкбөрі ережелері біріктірілмейді

Көкпар мен көкбөрі ережелері біріктірілмейді. Бұл жөнінде отандық ұлттық спортқа жауапты мамандар мәлімдеді. Айта кетейін, бірер апта бұрын Қырғызстан Спорт министрі Мирбек Мамбеталиев осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жариялаған. Тіпті келіссөздер басталғанын да жеткізді. Ал біздің мамандар бұндай жағдайдың мүмкін еместігін алға тартады. Өйткені, жердегі мәре мен қазандықтықтың үлкен айырмашылығы бар. Дәл осы тұрғыда ережені біріктіру ешқандай қисынға келмейді. Еске тала кетейін, биыл көрші қырғыз елінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оның бағдарламасына қазақтың көкпары да, қырғыздың көкбөрісі де қосылған. Байрақты бәсекенің өзі 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz