2028 жылы Қытай астанасы Бейжің бір мезетте төрт қысқы спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды «24KZ».
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) «BEIJING28» атты жаңа жобаны іске қосқанын мәлімдеді. Бұл бастама аясында бір қалада төрт әлем чемпионатын біріктіру алғаш рет жүзеге аспақ.
Жоба туралы шешім Испанияның Тенерифе қаласында өткен ISU конгресі барысында жарияланды.
Атап айтқанда, Бейжіңде мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек және синхронды сырғанау бойынша әлем біріншіліктері өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат спортшыларды, жанкүйерлерді, БАҚ өкілдерін және серіктестерді бір ірі спорттық оқиға аясында біріктіруге мүмкіндік береді.
Жарыстар Бейжіңдегі Олимпиада кезінде пайдаланылған National Indoor Stadium, Capital Indoor Stadium және National Speed Skating Oval ареналарында өтеді.
Тегтер #Бейжің #қысқы спорт #әлем чемпионаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz