RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Қазақстан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

14.06.2026, 17:02 45

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды 24KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.

Ертең, 14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz