RU
Толық нұсқаға өту

Головкиннің 345 жеңісі: боксшы Халықаралық даңқ залына қабылданды

15.06.2026, 09:08 57

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және World Boxing ұйымының президенті, аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына (IBHOF) енді, деп хабарлайды «24KZ».

Салтанатты рәсім Америка Құрама Штаттарында өтті.

Геннадий Головкин бұл мәртебеге ие болған тұңғыш қазақстандық боксшы.

GGG кәсіпқой рингке шықпас бұрын әуесқой бокста феноменалды нәтижелер көрсетті: 350 жекпе–жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. 2003 жылы Әлем чемпионы атанды. 2004 жылы Афины Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді. Сондай-ақ, оның қоржынында Азия чемпионаты мен Азия ойындарының алтын медальдары бар.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz